gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт тұрғындары референдумды қызу қолдап отыр

3 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазығұрт тұрғындары референдумды қызу қолдап отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық референдумның үгіт жұмыстары 3 маусымда сағат 24:00-де аяқталады. Референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады. Дауыс беру қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында мәлім болады. Ол хаттамамен рәсімделіп, оған Орталық референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері қол қояды және қаулымен бекітіледі. Бүгін осы және өзге де референдумға қатысты сұрақтарға партия жанындағы республикалық штаб мүшелері қатысқан кездесулерде жан-жақты жауап ізделді.

Қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Қазығұрт ауданында болды. Ауданының тұрғындары республикалық референдумды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиындарға аудан әкімі А.Абдуллаев та қатысты. Ауданның зиялы қауым өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен өткен кездесулерде штаб мүшелері Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндап, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.

— Қазақстан Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Халықтың атынан жерге мемлекет иелік етеді. Сонымен қатар, өлім жазасына тыйым салу көзделген. Бұдан бөлек, Конституциялық, Жоғары және де өзге судьяларға Орталық сайлау комиссиясының мүшесі және төрағасы болуға тыйым салынады. Бұл референдумның негізгі мақсаты әділдік пен ашықтықты күшейту. Осы жұмыстарда әр азамат өз үлесін қосуы керек, — деді Қ.Айтаханов.

Мұнан соң үгіт-насихат тобы аудандық мәслихат депутаттары, ауыл округі әкімдері, жергілікті кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесті. Бұл маңызды кездесу Сарапхана ауыл округіне қарасты Жіңішке елдімекеніндегі «САУ-АС» ЖШС-нің 4 гектарлық өнеркәсіптік жаңа жылыжайында өтті.

Қ.Ержан жауапты сәтте әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, өзгерістерді бірге жасауға шақырды. Осы тұста ауыл халқы да депутаттың сөзін қолдап, өз ұсыныстарын да жеткізді.

— Болашағымызды айқындайтын ізгі бастамаға қолдау білдіруге дайынбыз. Сіздерден зейнет жасын төмендетуге ықпал етулеріңізді өтінеміз. Қазіргі таңда зейнет жасына жетпей өмірден озып жатқандардың қатары артуда. Жаңа Қазақстаннан жаңа нәтижелі өзгерістер күтеміз. Референдумға барамыз, дауыс береміз — деді ауылының тұрғыны А.Жұмақбаева.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Төлеби ауданына тартылған инвестиция көлемі – 16,7 млрд. теңгені құрады

Next Post

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов референдум туралы пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz