gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Рәміздер керуені Түркістанға жетті

5 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Рәміздер керуені Түркістанға жетті
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен бір ай бұрын бастау алған «Рәміздер керуені» республикалық шарасы бүгін қорытындыланды.
Керуеннің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында елдігіміздің нышаны – рәміздерді ұлықтап, құндылығын насихаттау. Аталған керуеннің талаптары мен өз заңдылықтары болды. Керуенді қабылдап алған өңір қорапшадағы кітапшада көрсетілген арнайы өзіне тиесілі бетке «Рәміздер керуенін» қабылдап алғаны бойынша жастардың фотосын қойып, кітаптың екінші бетіне рәміздердің 30 жылдығына орай, арнау өлеңдерін жазып жолдайды.
Керуен еліміздің Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс аймақтарындағы қалаларға жетіп, бүгін Түркістанға оралды. Алдағы уақытта, осы қорапшадағы рәміздерді «Ұлы Дала Елі» музейіне қою жоспарлануда. Ашық аспан астында өткен шарада түркістандық жастар республика бойынша күндізгі сағат 10-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін өзге аймақтармен бір мезетте бірге орындады.
Атап өтейік, ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай, жастардың ұйымдастырған екі күндік шарасында «Мен туымды мақтан етемін» автошеруі де өткен болатын. Оған облыстағы 17 аудан-қаланың Жастар орталықтары қатысты.

Previous Post

Түркістан облысының диқандары шетелге қант қызылшасын экспорттап жатыр

Next Post

«Мен туымды мақтан етемін!»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz