Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30-жылдығына орай, ҚР-ның Мемлекеттік Гимн жалпыреспубликалық деңгейде бір мезетте орындалды.
Осыған орай, Түркістан қаласының Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратында, өңіріміздің 3 қала 14 ауданының белсенді жастары, қызметкерлер, қала қонақтары шараға атсалысып, бір уақытты тікелей эфир арқылы әнұранды шырқады.
Ашық аспан астындағы іс-шарада ән айтылып, Түркістан облысының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде өткен “Рәміздер керуені” атты республикалық іс-шарасының қорытындылау рәсімі өтті.



