gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сарыағаш ауданында 112 шақырым жол жөнделеді

13 июня, 2022
in Қоғам
0
Сарыағаш ауданында 112 шақырым жол жөнделеді
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан 1,1 шақырымды құрайтын Өркен көшесіне асфальт төсеу жұмыстары барысымен танысып қайтты. Снымен қатар, биыл Жібек жолы ауылдық округінде Әжібеков, Ынтымақ, Абай және Кемпіреков көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Нысан құрылысымен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге және тиісті бөлім басшыларына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда істеліп жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.
Айта кетсек, биыл аудан бойынша жалпы 96 көшенің 112 шақырымы жөнделетін болса, оның ішінде 69 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары, ал 43 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, «Ауыл— Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылжар және Жібек жолы ауылдық округтерінде жалпы 16 көшенің 17,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық бюджет есебінен 20 көшенің 11,8 шақырымына және жергілікті бюджет есебінен 60 көшенің 83 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 7,3% артып, 2022 жылы 60,3%-ға ұлғаятын болады.

Previous Post

Түркістан өнерпаздары Алматыда «Шарықтасын шәмшінің асыл әні» атты концерт өткізді

Next Post

Кентауда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша семинар өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz