gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Amanat»: Сайлауалды бағдарламаға сәйкес жолдардың сапасы артуда

15 июня, 2022
in Қоғам
0
«Amanat»: Сайлауалды бағдарламаға сәйкес жолдардың сапасы артуда
Share on FacebookShare on Twitter

Автожолдар сапасын жақсарту мақсатында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес биыл облыс көлемінде 716,2 шақырым жолды жөндеу көзделген. Бұл жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Мәселен, Сарыағаш ауданындағы 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Орындалуы тиіс индикатордың қатарындағы Жібек жолы ауылдық округі Өркен көшесіне 1,1 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамалық құны 21,084 мың теңгені құрап, жол салу «Абай-Профиленд» ЖШС-нің мердігеріне тапсырылған. Қазіргі таңда шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ партия тарапынан жылжымалы зертханалық көліктер және арнайы құралдар арқылы төселген жолдардың құрамы мен стандартын саралап, жол сапасына бақылаулар тұрақты жүргізіледі.
Биыл Кентау қаласында да жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Қаланың ішкі жолдарын жөндеу бойынша 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы орталық көшелерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Таңбалау, өткелдерді жаңарту, шұңқырларды жамау жұмыстары 19 көшеде іске асырылып, жалпы 34,6 шақырымды құрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылына қарасты 10 көшені орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 87,2 млн.теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекемемен келісім шарт түзілуде. Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіне атап айтқанда Астана ш/а, Жамбыл, Құралбаев, Төлеби, Сығанақ, Пролетарская, Сейфуллин №105, жалпы 3,0 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Партияның сайлауалды бағдарламасын Кентау қаласында орындау жөніндегі жол картасына сәйкес биыл 20,9 шақырым жол орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.
Отырар ауданында да сайлауалды бағдарламаға сәйкес биыл 20 елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу жоспарға енгізілген. Бүгінде мердігерлер анықталып, 10 елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Атап айтқанда Аққұм, Көксарай, Қарғалы, Отырар, Қоғам, Мыңшұқыр, Арыс, Шойманов, Темір, Шәуілдір елді мекендері қамтылуда.
Партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 90 пайызға арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Previous Post

Түркістанды көгалдандыру және абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр

Next Post

Сайрамдық 13 отбасы Солтүстікке көшуге ниет білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz