gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда биыл 48 көше жөндеуден өтеді

16 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда биыл 48 көше жөндеуден өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының Кентау қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының индикаторының 27 тармағына сәйкес 2022 жылы 20,9 шақырым жол орташа жөнделуі қажет болатын. Қазіргі таңда, Кентау қаласында жол құрылысы жұмыстары қарқын алды. Қаладағы ішкі жолдарын ретке келтіру бойынша ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы қаланың орталық 19 көшелерінде жалпы 34,6 шақырым жол таңбалау және білім беру мекемелері мен қаланың көше қиылыстарында жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту, шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы 10 көшеге орташа жөндеуге 87,2 млн.теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім шарт құру жұмыстары жүргізілуде.
Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіне, атап айтқанда Астана ш/а, Жамбыл, Құралбаев, Төлеби, Сығанақ, Пролетарская, Сейфуллин №105, жалпы 3,0 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
2022 жылға мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында мердігер мекеме «VIP Story Company» ЖШС-і 12,7 шақырымды құрайтын 29 көшеге орташа жөндеуден өткізу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.
Аталмыш мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 11,6 шақырымды құрайтын 19 көшені 2022 жылы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлауда.
Жалпы, Кентауда жыл соңына дейін қала көшелерінің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт салу жүзеге асырылады.

Previous Post

Түркістанда дін саласына арналған семинар-тренинг өтіп жатыр

Next Post

Келесте 1200 тонна бақша өнімі экспортқа шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz