gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысының медициналық мекемелері үздік атанды

17 июня, 2022
in Денсаулық, Жаңалықтар
0
Түркістан облысының медициналық мекемелері үздік атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Елордада медицина қызметкерлері мерекесінің қарсанында «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтті. Саммит аясында еліміздегі медициналық ұйымдар арасындағы «ALTYN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды.
«ALTYN SHIPAGER» сыйлығының нұсқасы бойынша «Үздік көпбейінді облыстық аурухана» атағының иегері болып Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы атанды. Бұл өңірдің жетекші клиникасы, оның 27 — клиникалық бөлімшесі, 2 – анестезиология және реаниматология бөлімшесі, 5 — емхана, оның ішінде онкологиялық орталық және параклиникалық бөлімшелері бар.
Ал ең үздік босандыру ұйымы болып Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығы жарияланды, ол тек өңірдің ғана емес, Қазақстанның да ірі перинаталдық орталықтарының бірі болып табылады. №1 ОПО-ның төсек-орын қоры 300-ді, штат саны 600-ден астам қызметкерді құрайды. Жыл сайын орталықта 10 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келеді.
Сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы үздік үштікке Түркістан облыстық балалар ауруханасы, Түркістан қалалық орталық ауруханасы, Кентау қаласындағы «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы шықты.
Саммитке ҚР Үкіметінің мүшелері, еліміздің медициналық қоғамдастығының өкілдері, бизнесмендер, Денсаулық сақтау саласының отандық және шетелдік сарапшылары қатысты.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық сыйлығының ұйымдастыру комитетімен бірлесіп, медицина қызметкерлері күнін мерекелеу аясында және Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында іске асырылатын іс-шараны ұйымдастырушы болып табылады.

Previous Post

Түркістанда руханият пен ел бірлігін сақтау мәселелері талқыланды

Next Post

Түркістанда «Оpen Turkistan youth» атты жастар форумы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz