gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында республикалық ақындар айтысы өтті

22 июня, 2022
in Жаңалықтар, Таным
0
Келес ауданында республикалық ақындар айтысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, келестік айтыскер ақын Жарқынбек Наушабековты еске алуға арналған «Жыр жүйрігі – Жарқынбек» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Келестегі айтыс аламанында республикаға танымал ақындармен қатар облысымыздың жас ақындары да сынға түсті. Жыр додасының ашылу салтанатында ақындарға аудан әкімі сәттілік тіледі.
– Қазақ жанының айнасындай болған айтыс қай заманда болмасын қилы тағдырды, тарихымызды көрсетіп, ұлттық болмысымызды, тұрмысымызды ерекшелеп, бүгінімізді бағдарлап, келешегімізді кемелдеп отырған. Осы орайда Наушабеков Жарқынбек Абазбекұлының құрметіне «Жыр жүйрігі Жарқынбек» атты республикалық ақындар айтысы өткізілуде. Жарқынбек Абазбекұлы жалпы айтыс өнеріне араласқалы бері 20-ға жуық бас жүлде жеңіп алып, бірнеше рет «темір тұлпар» иеленген. Айтыс атадан балаға мирас болып келген халқымыздың рухани мәдениетінің бірі. Алдағы уақытта мұндай мәдени іс-шараларымыздың қатары көбейіп, ауданымыздың мәдени-рухани әлеуеті артатын болады. Ұлы бабаларымыздың жолын жалғастырып, төл өнерімізді насихаттап жүрген айтыс ақындарына сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімі Ақментай Есбаев.
Текті өнерді төрге оздырып, ұлт мұрасы ұлықталған жыр додасында қазіргі қоғамдағы жайттар, құрдастар әзілі, жеңге мен қайын іні, жастық жалын, іні мен аға сыйластығы көрініс тапты.
Жыр додасында ІІІ орынды шымкенттік Анар Жаппарқұлова мен Карима Оралова қанжығаларына байлады. Сөз бәйгесінің ІІ орыны Нұр-Сұлтан қаласынан келген Дәурен Ысқаққа бұйырды. Бірінші орынды Түркістаннан келген Бекарыс Шойбеков иемденсе, бас жүлдені Арқалықтан келген Алаштың аяулы ақыны Айбек Қалиев иеленді. Айтыскер ақындарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Previous Post

Балаларға ұлттық құндылықтар насихатталды

Next Post

Түркістанда Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық турнир аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz