gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Референдумға атсалысқан белсенділер марапатталды

21 июня, 2022
in Қоғам
0
Референдумға атсалысқан белсенділер марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда елімізде референдум өткені қабылданғаны белгілі. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы референдумды халық арасында түсіндіру жұмыстарын үйлестіру үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейде 18 штаб құрған болатын. Оның құрамына 475 адам еніп, халықпен кездесу және түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысты.
Бүгін облыстық партия филиалының мәжіліс залында салтанатты жиын өтіп, бір топ штаб мүшелері мен ақпараттық-насихат жұмыстарына атсалысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Оларға ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың, «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Қошановтың, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы А.Ораловтың алғыс хаттары табысталды.
Іс-шараға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев қатысып, марапат иелерін құттықтады.
— Референдумда дауыс беру бойынша Түркістан облысы 1-орыннан көрінді. Бұл баршамыздың ортақ жетістігіміз. Бір белсенділеріміз кездесулерді ұйымдастыруға араласса, бірі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. БАҚ өкілдері сәт сайын жаңалықтармен ақпараттандырып отырды. Сондықтан, жұмыла кіріскен жұмыс жоғары нәтижеге жетеледі. Ел Президенті ұсынған реформалар халықтың талап-тілегінен туындаған соң, тұрғындар да оң қабылдап, өзгерістерге ынта-ықыласпен дауыс берді. Референдум — “Жаңа Қазақстанның” алғышарты болды. Реформалардың сәтті жүруіне үлес қосқан азаматтарды бүгін марапаттауды жөн көрдік. Бірлігіміз жарасып, елдігіміз биік болсын- деді атқарушы хатшы.
Аймақтық партия филиалында бастау алған марапаттау рәсімі 17 аумақтық филиалда жалғасып, аудандық және қалалық штаб мүшелеріне табысталады.

Previous Post

Әкімі озған, өңірі тозған

Next Post

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz