gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Райымбек Сейтметов атындағы театр румыниядағы фестивальден оралды

24 июня, 2022
in Жаңалықтар, Мәдениет
0
Райымбек Сейтметов атындағы театр румыниядағы фестивальден оралды
Share on FacebookShare on Twitter

Румынияның Тырговиште қаласында халықаралық Х «Babel F.A.S.T.» фестивалі өтті. Оған Қазақстаннан Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры С.Раевтың «Ханшаның көз жасы» қойылымымен қатысып қайтты.
Өнер көрсеткен соң қойылым режиссері Қуандық Қасымов ұйымдастырушыларға Қазақстан атынан алғысын білдіріп, шапан жапты. Театр труппасы сахналаған туындыны көрермен қызығушылықпен тамашалады. Өнер фестиваліне 14 елден келген театр қатысып, өнерпаздар өзара тәжірибе алмасты.
Фестиваль барысында баспасөз конференциясы өтіп, Тырговиште қаласының Tony Bulandra театры мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры өзара меморандумға қол қойды. Тығыз қарым-қатынас орнату үшін екі тарап келісімге келді.
Бұдан бөлек, театр ұжымы Румыния астанасы Бухарест қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай орнатылған Абай ескерткішіне барды. Бұл – екі халық арасындағы өзара құрметтің айқын белгісі.
Еуропа көрерменіне өнер көрсеткен театр саңлақтары елге оралды. Оларды әріптестері мен жақындары, журналистер әуежайдан құшақ жая қарсы алды.

Previous Post

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы алдағы жылыту маусымына дайындықты белгіленген кестеден ерте жүргізуде

Next Post

Келестіктер «Аvtopicnik» атты көлік құрап шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz