gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өңірлік инвесторлар кеңесі өтті

29 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Өңірлік инвесторлар кеңесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасының ұйымдастыруымен «ӨҢІРЛІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІ» өтті.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың төрағалығымен тиісті мемлекеттік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ ірі инвесторлардың Стилловато Алекс («ARM Wind» ЖШС), Фурсаев Андрей («HEVEL Kazakhstan» ЖШС), Сарсекеев Сырымбек, («Түркістан ЯССЫ» ЖШС), Махамбет Кайсарбек («Sauran Bricks» ЖШС), Садков Николай («Ecoculture Eurasia» ЖШС), Шонбергер Алоис («EcoInvest» ЖШС), Бабакулов Нурлан («CAPABLE GROUP» ЖШС), Каскабаев Меирбек («RZN» ЖШС), Васитова Угилжан («Туркестан Агро XXI» ЖШС) қатысуымен Түркістан облысы Өңірлік инвесторлар кеңесі болды.
Өңірлік инвесторлар кеңесінің негізгі мақсаты индустриялық кластерлерді құру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту, сондай-ақ инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесін беру қалаға ғана емес, бүкіл өңірге инвестициялар тартуға айтарлықтай серпін берді. Облыс құрылған сәттен бастап өңір экономикасына 2,2 трлн. теңгеден астам қаржы бағытталды. Инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға бағытталды, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай динамика байқалады. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстандағы ең үздік өңірлердің бірі болып табылады. Облыста арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «TURAN» халықаралық арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Кеңес отырысы басында облыс әкімінің орынбасары инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестицияларды тарту біздің негізгі міндеттеріміз екенін атап өтіп, аймақтың дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін инвесторларға алғыс білдірді.
«2022 жылға жыл соңына дейін 74 млрд.теңге сомасына 13 жоба іске қосылады деп күтілуде. Осы жобаларды іске асыру 1 000-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2025 жылға дейін жалпы сомасы 1 трлн болатын 44 инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны болмақ», — деді Инвестиция және Экспорт басқарма басшысының орынбасары Қанат Шонбасов.
Сондай-ақ, кеңес отырысында жобалардың ағымдағы мәртебесі және проблемалық мәселелер ұсынылды. Облыстың басым салалары бойынша, ол – жасыл экономика, туризм, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы жобалары, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілігі бар жобалар.

Previous Post

Өңірлік экспортаушылар кеңесі өтті

Next Post

Кәсіпкерлік шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік қолдау күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz