gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

”IQANAT” республикалық олимпиадасында облысымыздың оқушылары топ жарды

26 июня, 2022
in Uncategorized
0
”IQANAT” республикалық олимпиадасында облысымыздың оқушылары топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 21-25 маусымында елордаға еліміздің 164 ауданынан 36 мың бала арасында іріктеуден өткен «IQanat-2022» олимпиадасының республикалық слетіне 8-ші сыныптың 750 дарынды ауылдық оқушысы жиналды. Түркістан облысынан 98 ауыл оқушысы 750 оқушы арасынан топ жарып, үздік атану үшін бақ сынасты. Еліміздің ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымды офлайн олимпиаданы сапалы білім алуға жол ашу үшін «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастырған.
Түркістан облысынан Республикалық Олимпиадаға 98 окушы қатысты.
17 окушы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті. 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Түркістан облысының оқушылары командалық есепте республика бойынша бірінші орынға ие алды. Барлық оқушыларға құнды сыйлықтар берілді.
Ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының бүгінгі таңда орны ерекше. IQANAT олимпиадасының негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау. Сонымен қатар, осы олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
«IQanat» олимпиадасы және Қордың басқа да бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі – IQanat High School of Burabay-ға оқуға түсу мүмкіндігін, озық үлгілі педагогтармен пікірлесудің баға жетпес тәжірибесін сыйлап, көкжиегін кеңейтеді және де жалпы өмір сүру деңгейін арттырып, нәтижесінде ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашты.

Previous Post

Түркістанда БАҚ өкілдері этносаралық татулықты сақтау жайын талқылады

Next Post

XIX халықаралық олимпиада алғаш рет түркістанда өткізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz