gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында табылған үңгірден 48 мың жыл бұрынғы тіршілік анықталды

4 июля, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында табылған үңгірден 48 мың жыл бұрынғы тіршілік анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚазАқпарат – Бәйдібек ауданындағы Боралдай жерінде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде 48 мың жыл бұрынғы тіршілік анықталды, деп хабарлайды kentauinfo.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық музейіне қарасты ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген қазба жұмыстары барысында Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз болып келген 85 үңгір анықталған. Палеолит дәуіріне тиесілі үңгірлерден тас құралдары мен адамның жақ сүйегі де табылған. Солардың ішінде Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай тауындағы Тұттыбұлақ үңгірінен табылған тас ғасырына қатысты деректемелер шетелде зерттеліп жатыр.
«Ұлттық музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-жапон халықаралық экспедициялары жұмыс істеп жатыр. Үңгірден алынған топырақ пен өзге де құралдарды зерттеген Германиядағы орталықтан сүйінші хабар жетті. Онда шетелдік ғалымдар үңгірден табылған заттардың құнды жәдігер екендігін растады», — дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі баспасөз бөлімінің қызметкері Мадина Сабыр.
Алдағы уақытта археолог мамандардан жасақталған экспедиция Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру, зерттеу жұмыстарын Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шығыс Қазақстанда жалғастырмақ.

Previous Post

Сайрамдық диқандар екінші егін маусымына кіріспек

Next Post

Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz