gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама жалғасуда

14 июля, 2022
in Білім, Жаңалықтар
0
Мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Онда мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені қарастырылған. Бұл туралы Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Анафия Арыстанбайқызы мәлімдеді.
Оның айтуынша, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу көзделген. Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарына математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет.
Педагогтер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi , бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi қатыса алады.
Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 11-21 шілде аралығында қабылданады.

Previous Post

Мақтааралда халықаралық сауда орталығын құру қажет

Next Post

Түркістанға «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz