gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда 50 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

14 июля, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда 50 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс сапасы қатаң бақылауда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болды. Тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар бірге орналасқан 20 қабатты екі тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысты.
Каскадты өру үлгісінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Құрылысшылармен кездескен облыс басшысы құрылыс барысына оң бағасын берді.
Облыс бойынша жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 191,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 17,7%-ға артты. Облыста тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары
855 мың шаршы метр болып белгіленді.
Облыс құрылғаннан бері құрылыс саласы едәуір дамып, оның көлемі
өткен жылдың қорытындысымен 2,3 есеге артып, 322,9 млрд. теңгеге жетіп отыр. Биыл құрылыс жұмыстары 329,3 млрд. теңге мөлшерінде жоспарлануда.
Бүгінгі таңға, Түркістан облысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, мұқтаж азаматтар кезегінде 49 831 отбасы тіркелген. 2021 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 1670 отбасы, ал ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысымен 411 отбасы баспаналы болды.
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау тетігі немесе тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы субсидиялауға жатады. Қалған жалдау ақысының 50 пайызы жалға алушының атына ашылған «Отбасы банк» АҚ — ның есепшотында болуы міңдетті.
Облыста тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау алғаш рет жүргізілуде. Бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы іске асырылуда. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 500 млн. теңге қаралып, бүгінгі таңға «Отбасы банк» АҚ бірге келісім-шарт түзілді.

Previous Post

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

Next Post

Түркістан жаңа нысандармен түрлене түспек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz