gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістанда алғаш рет облыстық кітапханашылар слеті өтті

14 июля, 2022
in Мәдениет
0
Түркістанда алғаш рет облыстық кітапханашылар слеті өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Алдымен қатысушы кітапханашылар «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық музейіне барды. Содан соң ашық аспан астында Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты.
Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова модераторлық еткен жиында жалпы Түркістан облысындағы кітапханалар туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы сөз сөйледі. Мұнан соң «Түлкібас аудандық кітапханалар жұмысы: жағдайы мен жетістіктері», «Түркістан облысы кітапханаларының 2019-2022 жылдардағы жағдайы: аналитика», «Қолжазба – ғасырлар руханияты», «Балалар оқуы: дамыту және қолдау», «Кітапханашылар Сіздер үшін!», «Тың жобалар топтамасы», «Кітапханашы кәсібім, салт-дәстүрім асылым», «Jastar synegry» жобасы, «Кітапхана қызметкерлерінің дамуы үшін іскер ойындардың пайдасы: тренинг сабақ» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалып, дәрістер өтті.
Сондай-ақ, басқосуда келелі мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды. Жаңа жобалар мен тың идеялар баяндалып, ауыл кітапханаларының жұмысы іс-тәжірибе ретінде көрсетілді.
Шара соңында Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова облыстағы ардагер кітапханашыларды «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттап, шараға қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.

Previous Post

Түркістанға «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі келді

Next Post

Мемлекеттік қызметкерлер таңғы жаттығуға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz