gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бейбіт күннің батырлары түркістандық жастармен кездесті

21 июля, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бейбіт күннің батырлары түркістандық жастармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қауіпті сәтте өзгенің өмірін қорғап, ерлік көрсеткен азаматтар түркістандық жастармен кездесті.
Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан шыққан өрт кезінде мемлекеттік рәміздер — Ту мен Елтаңбаны аман алып қалған орталықтың маманы Қансейіт Мұхаммед, құбырға құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарып қалған Кентау қаласы, №12 Өрт сөндіру бөлімі, бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Нұрғали Керімбеков, әжетханаға түсіп кеткен бір жасар баланы құтқарған 20 жастағы Рысбек Мейрамбек, кейуананы өрттің ортасынан аман алып шыққан Жетісай аудандық полиция бөлімі миграция бөлімшесінің басшысы Аян Хайруллаев оқыс оқиға кезінде тек адам өмірін сақтап қалуды мақсат еткендерін айтты.
«Отаншылдық – жалаң ұран ғана емес, күнделікті өмірде кездесетін тосын жайттарда тосылып қалмай, өзгелерді құтқару, қол созу деп білемін. Ешкім де ерлікті жоспармен жасап, елге танылайын демейді. Дәл сол сәтте біреуге көмек көрсету, өзгенің өміріне араша түсу – жүрек қалауы» деді жастармен кездесуде Аян Хайруллаев.
«Ту өртеніп жатқанда қарап тұра алмадым», деген Сайрам ауданы, «Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының» қызметкері төтенше жағдайда қорқынышты ұмытып, мемлекеттік рәмізді оттан аман алып шыққан.
Жастар бүгінгі күннің батырларымен ашық сұхбаттасып, замандастарының ерлігін елге кеңінен насихаттауды, олардың әр ісін үлгі етуді мақсат ететіндерін айтты.
Атап өтейік, бейбіт күнде болған оқыс оқиғаларда батырлық танытып, адам өмірін құтқарып қалған батыл жандарға бүгін облыс әкімі құрмет көрсетіп, «Түркістан облысына сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісін тақты.

Previous Post

Темір жол бойында қауіпсіздікті сақтауға арналған акция өтті

Next Post

Келес ауданында жол белгілері қойылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz