gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Израильдік компания Түркістан өңіріне инвестиция салуға ынталы

21 июля, 2022
in Uncategorized
0
Израильдік компания Түркістан өңіріне инвестиция салуға ынталы
Share on FacebookShare on Twitter
Израильдік халықаралық LR GROUP компаниясы Түркістан өңіріндегі агроөнеркәсіпке үлкен серпін әкелмек.
Облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Ілияс Досқожаев пен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы Түркістан жеріне Израиль елінен арнайы келген халықаралық компания өкілдерімен кезде­сіп, қос тарап екі жаққа да тиімді келісімге келді. Шетелдіктердің облыстың аграрлық саласына инвестиция құямыз деген ниеті құпталды.
QazaqBioProduct компаниясы израильдік серіктестермен бірлесе отырып, қызанақ, қияр, қарбыз, қауын, салат және т.б. көшеттерін өсіретін жылыжай салу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда. Басқосуда шетелдік ірі компанияның бүгінгі өркениет талаптарына сай келетін жаңа техно­логияларына және оның тиімділігіне баса назар аударылды. Жылыжайға бақша дақылдарын өсіру барысында израильдік озық технологиялар пайдаланылады.
Биыл Түркістан облысының егіс көлемі 851 000 гектарға жетті. Қосымша 26 гектарға жылыжайлар салынып, республикадағы үлесі 71%-ды құрап, алаңы 1,5 мың гектарға жетті. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8 400 гектарға 3 000 жоба жүзеге асырылып, 145 500 тонна көкөніс өнімі жиналды. Жалпы 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 34,3 млрд. теңге құрайтын 5 серпінді ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Жалпы жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жеткізілетін болады.
Previous Post

"Түркістан - ер түріктің бесігі" атты ақындар айтысы өтті

Next Post

Кентау қаласының дамуы 3 кезеңмен жүзеге асады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz