gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 10 пайызға азайған

22 июля, 2022
in Денсаулық, Жаңалықтар
0
Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 10 пайызға азайған
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылға қарағанда 10%-ға төмендеп отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 6 айында облыста ана өлім-жітімі тіркелмеген. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана салу, соның ішінде Түркістан облысының Сарыағаш және Ордабасы аудандарында 2 перзентхана салу жоспарлануда. Түркістан облысында 6 мың штаттық бірлік бар, соның ішінде 4,5 мыңы практик дәрігерлер. Дәрігер кадрлардың тапшылығы өңірде 290 штаттық бірлікті құрайды. 2021 жылы еліміздің аймақтарына медициналық жоғары оқу орындарының 3 050 түлегі жолдам алды. Оның ішінде Түркістан облысына – 180 қызметкер келсе, биыл 170 түлекті жіберу жоспарлануда», — деді Ажар Ғиният.
Медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыдан 2 есе көтеру жұмысы жүргізілуде. 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 531 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 250 мың теңгені құрайтын болады. Отандық денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі — еліміздің халқын дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. Түркістан облысында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік заттар 11,6 млрд. теңгеден астам сомаға, ал стационарлық көмек үшін 6,7 млрд. теңгеден астам сомаға сатып алынған.
Previous Post

Түркістанда заманауи жедел жәрдем орталығы бой көтерді

Next Post

Төлебиде өндірілетін балмұздақтар – ел мақтанышына айналып отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz