gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кеден бекеттері арқылы бюджетке 14 млрд теңгеден астам түсім түскен

21 июля, 2022
in Қоғам
0
Кеден бекеттері арқылы бюджетке 14 млрд теңгеден астам түсім түскен
Share on FacebookShare on Twitter
2022 жылдың бірінші жарты жылдығында кедендік баждар мен салықтардың түсімі бойынша бюджеттің орындалуы 101,2% құрады. Нақты 14 млрд 125 млн 161 мың теңге өндірілген. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Серік Мелдеханұлы мәлімдеді.
2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кеден бекеттері 2 млн 363 мың 329 жеке тұлғаға қатысты кедендік бақылау жүргізген. Оның ішінде: елімізге 1 млн 147 мың 340 жеке тұлға кірсе, 1 млн 215 мың 989 жеке тұлға шекарадан шыққан. Есепті кезеңде, кеден бекеттерінде 2 452 әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдардың жалпы сомасы 73 млн 903 мың 323 теңгені құраған. Техникалық құралдарды қолдану арқылы 705 әкімшілік іс анықталып, 26 млн 697 мың 570 теңге сомасына айыппұл салынды.
2022-2024 жылдары Түркістан облысы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Атамекен» өткізу пункттерін жаңғырту, техникалық толық жарақтандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл жоба бойынша кеден бекеттерінің аумағы кеңейеді. Жеке азаматтар мен автокөлік құралдары кедендік бақылаудан аз уақыт ішінде өтуіне жағдай жасалады. Сондықтан барлық кедендік бақылаудың техникалық құралдары заманауи үлгілерге ауыстырылады.
Previous Post

Түркістан облысында 429 үй күрделі жөндеуді қажет етеді

Next Post

"Түркістан - ер түріктің бесігі" атты ақындар айтысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz