Жетісай ауданы Аудан аумағынан ивестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Асықата кентінен 50,0 га жер учаскесі резервке алынды. Бүгінгі таңда сәулеттік жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, бас жоспарға өзгерістер енгізілуде. Бұл туралы Жетісай ауданының әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде айтты.
2022-2023 жылдары жалпы инвестиция көлемі 50,8 млрд теңгені құрайтын 7 жобаның іске асырылуы күтілуде. Аталған кәсіпорындарда 3247 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуы жоспарлануда.
«2021-2025 жылдар аралығында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жаңа бизнес идеяларды қолдау мақсатында 214 азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Оның 112-сі 29-ға дейінгі жастарды құрайтын болады.
2022 жылға елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру үшін 35,1 млн теңге, Атамекен ауылдық округі Атамекен елді мекен көшелеріне 10кв әуе электір желілерін жүргізу және жарықтандыру үшін 34,8 млн теңге, Жетісай қаласын ағын сумен қамтамасыз ететін күн сәулесінен қуат алатын электро насостық станциясын орнату жұмыстарына 7,0 млн теңге қаралды.
2022 жылы Жеңістің 40 жылдығы елді мекеніндегі ұзындығы 900 метрді құрайтын Халықтар достығы көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған округ бойынша стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен тиісті жол белгілері жергілікті округ әкімдігінің ұсынысына сәйкес орнатылады.
Тыңдала елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жүргізу үшін алдағы уақытта сметалық құжаттамасы әзірленіп, қажетті қаржы көлемі анықталғаннан кейін, бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
Кездесу соңында мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға Асан Жақыпбекұлы жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген атаулы әлеуметтік көмек, қоғамдық жұмысқа орналасу, ағын су, ауыз су, жол жөндеу, істен шыққан тік дренаж ұңғымаларын жаңарту, жарықтандыру мәселелері бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берілді.
Кейіннен Атамекен ауылдық округінің өзекті мәселелері талқыланды.
Атамекен ауылдық округіндегі ескірген трансформатор КТП жаңарту бағыты бойынша жұмыстарды күшейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.
Жетісай ауданының әкімінің міндетін атқарушы Асан Жақыпбекұлының төрағалымен өткен жиында Атамекен ауылдық округінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.
Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.
Тыңдала елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жүргізу үшін алдағы уақытта сметалық құжаттамасы әзірленіп, қажетті қаржы көлемі анықталғаннан кейін, бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
«Қайта құру және жаңғырту бағдарламасына» сәйкес 2023 жылы Атамекен елді мекеніндегі КТП-160, 2,86 км 0,4 кВ желісі, 2024 жылы елді мекендегі КТП-156, 2,4 км 0,4 кВ желілері қосалқы трансформаторымен бірге және 2024 жылы Тыңдала ауылы КТП-148, 3,3 км 0,4 кВ желілері бағаналарымен қоса жаңартылады.
2022 жылы Жеңістің 40 жылдығы елді мекеніндегі ұзындығы 900 метрді құрайтын Халықтар достығы көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған округ бойынша стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен тиісті жол белгілері жергілікті округ әкімдігінің ұсынысына сәйкес орнатылады.
Айта кетейік, Атамекен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу 23 маусым күні сағат 10:00-де №68 «Жібек жолы» ЖОМ ғимаратында өтеді.