gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мақтааралда шекара бекеттері қайта ашылып, сауда саттық жандана түсті

13 июля, 2022
in Қоғам
0
Мақтааралда шекара бекеттері қайта ашылып, сауда саттық жандана түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларын байланыстыратын «Сырдария» және «Целиный» шекара бекеттері қайта ашылды. Ашылған күні-ақ шекара бекеттерінен 300-ден астам адам барыс-келіс жасаған. Күні кеше аудан әкімі Бақыт Асанов бекеттердің жұмыс барысын қадағалап, жағдайымен арнайы танысты.

М-39 «Ташкент-Термез» дәлізінің бойында орналасқан шекара бекеттерін алдағы уақытта толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын аудан басшысы атап өтті. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталықтарын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, шекара бекеттерінің аймағына көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, кеңейту жоспары жасалатын болады.

«Қазіргі таңда Атакент кентінің маңындағы «Атамекен» кедендік бекетін «Целинный» шекара бекетіне көшіру мәселесі де күн тәртібінде тұр. Көрші елге өтпекші болған жүк көліктері кедендік бекет маңында кептеліске ұшырап, Атакент кентінде жол қатынасын қиындата түсті. Мәселенің бірден бір шешімі — кедендік бекетті көшіру» — деді Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, аудан әкімі сала басшыларына «М-39» халықаралық дәлізін жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру үшін ұсыныс хат дайындауға да арнайы тапсырма берді.

Previous Post

Ордабасыда жылыжай көлемін 3,5 га ұлғайту көзделуде

Next Post

Ордабасы ауданында үйіргелік жер үлесі артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz