gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұлттық жоба аясында ұтымды жұмыстар атқарылуда

14 июня, 2022
in Қоғам
0
Ұлттық жоба аясында ұтымды жұмыстар атқарылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Республика аумағында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асу мерзімі аяқталуына байланысты, қаңтар айынан бастап Кәсіпкерлікті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру көзделуде.

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба 10 міндетті көздесе, оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту ісіне жәрдемдесуге бағытталған. Атап айтар болсақ, жобаның басты мақсаты – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға негізделген жобаның бірінші міндеті — «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту. Жалпы, алғашқы міндет аясында аудан аумағында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізілді. Кәсіпкерлік негіздерінде білім алып, оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған азаматтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуда. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға да жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға шағын несиелер мен гранттар берілуде. Биылғы жылы берілетін қайтарымсыз грант көлемі 400 АЕК, яғни 1,2 млн теңгені құрап отыр. Жаңа бизнес идеялары бар азаматтарға берілетін мүмкіндік артуына байланысты, бүгінде оған қызығушылық танытқандар саны көбеюде.

Былтырғы жылы аталған бағдарлама шеңберінде 38 азамат жеңілдетілген несие алса, жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грант 70 адамға берілді. Бастау бизнес жобасы аясында 202 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.

Ұлттық жобаның екінші міндеті — жұмыс орындарын көбейту. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары іске қосылды.

Бүгінде аудан аумағында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған жастарға келісім-шарт негізінде «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа жолдама берілуде. Биылғы жылы жастар жолдама берген мекемеден 12 ай тағылымнан өтіп, тәжірибе жинақтап қана қоймай, ай сайын 90 мың жалақы алады.

Былтырғы жылы «Жастар практикасы» бойынша 191 жас түлек 62 мекемеде тәжірибеден өтті. Қоғамдық жұмыстар қала және ауылдық елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру ісіне 1058 азамат тартылды.

Previous Post

Түркістан қалалық сазды-драма театры халықаралық фестивальге қатысады

Next Post

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz