gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Төлеби ауданында кәсіп бастаушылар көбеюде

13 июля, 2022
in Қоғам
0
Төлеби ауданында кәсіп бастаушылар көбеюде
Share on FacebookShare on Twitter

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының негізгі міндеті халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде аудан аумағында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар берілуде. Былтырғы жылы Төлеби ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік саласында білім алып, жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асырған 70 азамат қайтарымсыз грант иегері атанды.

Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өзінің шағын кәсібін ашқан тұрғынның бірі – Есжанова Гульжазира Туғанбайқызы. Негізгі мамандығы тәрбиеші деген кәсіпкер өзінің бала кезден қол өнерге деген қызығушылығы, бейімдігі бар екенін және де анасынан дарыған тігіншілік кәсібін өзіне өмірлік серік еткенін жасырмады.

— Былтырғы жылдың күз айында сүйікті кәсібімді дамыту үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алдым. Грант қаржысына тігін машиналарын, қыз жасауына дайындауға қажетті бұйымдар сатып алдым. Қазіргі кезде тапсырыспен қыз жасауын дайындап, шапандарды ұлттық нақыштағы оюлармен өрнектеп тігемін, — деді Гульжазира Туғанбайқызы өз кәсібі жөнінде.

Екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып, олардың кәсіби шыңдалуына көмегін көрсетіп отырған жеке кәсіпкердің тапсырыспен дайындаған жасауларына деген сұраныс артып келеді.

Ал, жеке кәсіпкер Асқар Маратұлы 2021 жылы Түркістан облысының аймақтық үйлестіру кеңесінің конкурсына «Құрғақ шәйді фасовка жасау» жобасымен қатысып, 5 млн теңге грант ұтып алды.

Құрғақ шәйді фасовка жасаумен 3 адам айналысып, олар тұрақты жалақы алуда. Цехта күніне 30 кг шәй фасовкаға салынады. Үш түрлі құрғақ шәйді қорапқа салумен айналысатын цех шикізатты Тәшкент қаласынан арнайы алдырады. Фасовкаланған шәйлар ауданның сауда орындарына жеткізіліп, сатылымға шығарылуда.

«Мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға арналған мүмкіндіктер туралы халықты жан-жақты ақпараттандыруды үнемі бақылауда ұстаймын. Халықпен кездесулерде, әкімдік отырыстары, жеке қабылдауларда кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде жиі айтып жүремін. Шағын және орта бизнес субъектілері экономиканың қозғаушы күші ретінде танылуда. Сондықтан, бұл саланы дамыту бүгінгі күннің басты талабы дер едім»- дейді өндіріс орнымен танысқан аудан әкімі Төлеген Телғараева.

Шағын кәсіпкерлік аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін ескерсек, өзін ғана емес, басқаларды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерді қолдау ісі алдағы уақытта да жалғасын табады.

Previous Post

Мемлекеттік корпорациялар мен әкімдіктердің жұмысы бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Next Post

Жыл басынан бері Түркістан қаласында 16 егіз дүниеге келген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz