Сайрам ауданында негізінен ерте пісетін Ресей мемлекетінен әкелінетін голландиялық картоп тұқымдары егіледі. Картоп алқаптарының негізгі көлемі Қарабұлақ, Көлкент, Құтарыс, Манкент, Қарасу ауылдық округтерінде орналасқан. Ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары және іргерлік жер иелері телімдерінде картоп өсіру қыр сырларын жоғары деңгейде меңгеріп, жақсы өнім алу бойынша Түркістан облысында алдыңғы қатарда келеді. Ерте пісетін картоп өнімінің басым бөлігі Республиканың Солтүстік облыстарына Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларына сатуға жіберіледі. Сатылуға жібірілген картоптын бағаларыда қолжетімді, арзан болуына байланысты Сайрам ауданының шаруалары Республика көлемінде бағаның тұрақтандыруға өз үлесін қосуда. Сайрам ауданы бойынша 2021 жылы 3642,5 гектар жерге картоп егіліп гектарынан 206 центнерден өнім алынып, жалпы 75 219 тоннаны кұрады. Ағымдағы жылы 3200 гектар жерге егілген картоптың гектарынан 250-280 центнер өнім алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 55 310 тонна өнім алынып, жыл соңына дейін 80 000 тонна өнім алу жоспарлануда.
Жалпы Сайрам ауданында жеміс-жидек өндіру жақсы дамыған. Аудандағы 2126 гектар баудың 475 гектары қарқынды бау. Атап айтқанда, «DalaFruit. kz» ЖШС, «DalaFruit. kz» АШӨК, «Алмалы S» АШӨК, «Food production LTD» ЖШС және т.б. агроқұрылымдар.
Ауданда 2021 жылы 2126 гектар жеміс-жидек бауларынан орташа бір гектардан 83 центнерден өнім алынып, жалпы 17623 тонна өнім жиналған. Қарқынды баулардан алынатын өнімнің орташа түсімі гектарына 250-260 центнерді құрап отыр.
Ауданда алманың «Золотой Превосход», «Семеренко», «Бес жұлдыз», «Кандил», «Мельба», «Старкрипсон» және аудандық жергілікті сорттар егіледі.
Қарқынды бауларда егілетін сорттар Түркия, Италия және басқа шет елдерде шығарылған сорттар.
Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты жеміс-жидек өнімі мол болады деп күтілуде. Жыл соңына қарай жалпы 30 мың тонна өнім алу жоспарлануда.
Осы күнге дейін алма, шие және алхорының ерте пісетін алманың «Мельба», «Белый налив», шиенің «Багратион», «Revna», алхорының «Богатырский», «Усурский» сорттарынан 4800 тонна өнім Нұрсұлтан, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Павлодар, Түркістан және Шымкент қалаларының базарларында өтімді бағада сатылып жатыр.