gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сайрамдық шаруалар тамшылатып суғару әдісімен 700 гектар жерді игерді

2 июля, 2022
in Қоғам
0
Сайрамдық шаруалар тамшылатып суғару әдісімен 700 гектар жерді игерді
Share on FacebookShare on Twitter
Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының егін шаруашылығы картоп, қызанақ, қияр сынды көкөніске басымдық беретін. Соңғы екі жылда қауын-қарбыз егу ісін қолға ала бастады. Шағын жерден көп өнім алуға тамшылатып суғару технологиясы себеп болған.
Қазіргі таңда «Ибадулла» шаруа қожалығы 2 гектар жерде жоңышқа мен қарбыз егіп, өз ісін дөңгелетіп отыр. 1 гектар жоңышқасы малға азық, тағы 1 гектар жерден жылына 40 тоннадан 55 тоннаға дейін қарбыз алады.
Бұған дейін 583 мың теңгеден грант алған отбасылар соңғы 2-3 жылда тамшылатып суғару әдісіне үйреніп алды.
– Аудан бойынша жеке үйлерде 45 адам грант алды. Биыл грантқа бөлінетін қаражат көлемі – 1 миллион 255 мың теңге болып белгіленді. Бұл жағдайы төмен отбасыларына беріледі, — деді Сайрам Ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерболат Серікбаев.
Өткен жылы Сайрам ауданында тамшылатып суғару әдісімен 600 гектар жер игерілсе, биылғы мақсат бұл межені 700 гектарға жеткізу болды. Урганикалық табиғи дәрілеу әдісін осы тамшылатып суғару барысында пайдаланатын шаруалар қазір ағын суды ғана емес, дәрілеуге жұмсалатын өз шығындарын да үнемдеп отыр.
Previous Post

Түлкібастықтар «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясын саурандықтарға жолдады

Next Post

Сайрамдық диқандар екінші егін маусымына кіріспек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz