gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ордабасы ауданында кәсіп бастаушылар көбейді

5 июня, 2022
in Қоғам
0
Ордабасы ауданында кәсіп бастаушылар көбейді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Ордабасы ауданында кәсіп бастаушы тұрғындар қатары көбейіп келеді. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әрі экономикалық дамуды қолға алып отырған олардың ішінде тың жобаларды жүзеге асырып отырғандары да бар.

Мәселен, Темірлан ауылының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты.

Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан.

Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен.

Осылайша өзіне керекті ақпарат алған Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге бар ынты-шынтысымен кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған.

«Әу баста 50 мың теңгеге саңырауқұлақ ұрығы, 10 мың теңгеге қауыз сатып алдым. Ал, су, газ шығындарына жобамен 10 мың теңгедей қаржы жұмсалды.

Арнайы бөлме ішіне еккен ұрықтардан 63 блок (мешочек) шыкты. Дайын өнімнің бір келісін 1000 теңгеден сатылымға шығарудамыз. Бір блоктағы саңырауқұлақ 20 күнде пісіп, 2 – 4 келіге дейін өнім аламыз. Негізінде бір блок 4 рет таза өнім береді. Оның алғашқы 3 өнімін сатылымға шығарылса, соңғысы консервыге жабылады», дейді жас агроном.

Алдағы күндері бала агроном мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алу арқылы үйіргелік жеріндегі кәсібін дамытуды көздеп отыр.

Ал, Бадам ауылдық округінің тұрғыны Асель Шаимова «Нұрсезім» кондитерлік дүкені мен кафесінің жұмысын қарқынды жүргізіп отырған жас іскер әйел.

Ең алғашқы кәсібін 2017 жылы бастап, 2021 жылы мемлекеттік «Бастау — Бизнес» жобасының қатысушысы атанып, мемлекеттік бағдарлама аясында сертификат алған.

Ауыл тұрғындарына тәттілердің түр-түрі мен дәмді тағам ұсынған іскер әйел алдағы уақытта кәсібін дамыту мақсатында қайтарымсыз грант алуға үміткер.

Бүгінде кәсіпкер азаматша табысын еселеуден бөлек ел ішінде қайырымдылық шараларында белсенділік танытып, ауылдастарға көмектесуде.

Ауданда шылаушын өсіріп, көл көсір пайда тауып отырғандар да бар. Шығыны аз, кірісі мол, қоршаған ортаға зияны жоқ, пайдасы бар, топыраққа да, өсімдікке де залалы келмейтін кәсіп түрімен Қараспан ауыл округіне қарасты Көлтоған ауылында өз қаражатымен кәсібін бастағандар таза табыс табуда.

Кеше ғана кәсіпті қолға алған Улбала Нурпейсова бүгінде үй іргелік аумағынан 60 шаршы метрдей жерге «калифорниялық» шылаушын асырау арқылы биогомус тыңайтқышын алды. Одан бөлек, 12 шаршы метр жерден Низамиддин Исходжаев 15-20 күн ішінде биогомус өнімін алып, алдағы уақытта кәсібін үлкейтуді жоспарлап отыр.

 

Previous Post

Кентаулық егіз қыз референдум учаскесіне бірге келді

Next Post

Жаңа Қазақстан - мызғымас бірлік мекені

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz