gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағын дамыту барысы талқыланды

31 мая, 2022
in Қоғам
0
Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағын дамыту барысы талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері Түркістан қаласында ашылатын «TURAN» арнайы экономикалық аймағының жоспарымен, ұйымдастыру барысымен, мүмкіндіктерімен танысу үшін арнайы келді. Маңызды сапармен келген Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан елдерінің делегациясымен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесті. Басқосуда арнайы экономикалық аймақтың тұжырымдамасы талқыланды.
– «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құрып, жұмысын бастаудан үміттіміз. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл идеясын жүзеге асыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Индустрияны дамыту жағынан Түркияның үлкен тәжірибесі бар. Бұл – халықаралық деңгейдегі экономикалық аймақ болуы керек. Жұмысты неғұрлым тез бастап, өндіріс орындарын ашуға мүдделіміз. Түркістанда индустриалды аймақ, арнайы экономикалық аймақ құрылған. Енді ол тағы бір экономикалық аймақпен толығады. Жергілікті әкімдік тарапынан «TURAN» арнайы экономикалық аймағына жер беріп, инфрақұрылымын жасақтауға қолдау көрсетуге дайынбыз. Аймақта өндірісті дамыту аса маңызды, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Әлемдік нарықта беделді ірі компания сапаршыларының кеңесіне жүгіне отырып, «TURAN» арнайы экономикалық аймағын халықаралық деңгейде дамыту көзделген. Кездесуде Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Кожаман Түркістанда өндірісті дамытуға Түркияның ірі инвесторларының қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
– Бүгін Түркістанға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше бірнеше мемлекеттен түрлі министрлік өкілдерінен құралған делегациялар арнайы келіп отыр. Оларда бұл салада ақпарат пен тәжірибе бар. Енді делегация мүшелері арнайы экономикалық аймақтың жай-күйін, болашағын, жоспарын саралап, арнайы баяндамалар әзірлейді. Бұл – бірінші қадам. Ең алдымен сараптама жасап алуды көздеп отырмыз. Екіншіден, бұл бастама заңмен бекітіліп, жүзеге асқаннан кейін біз Түркістанға ірі кәсіпкерлер мен өндірушілерді жібереміз. Әсіресе Түркиядан инвесторлар көбірек келеді деген болжам бар. Олар инвестиция салады деген сенім мол, – деді ол.
Previous Post

Мәжіліс депутаты Жетісай халқын референдумды қолдауға шақырды

Next Post

Референдум бойынша облыстық штаб мүшелері сызғандық ұстаздарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz