gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жаңақұрылыс аумағы ауыз сумен қамтылды

4 августа, 2022
in Қоғам
0
Жаңақұрылыс аумағы ауыз сумен қамтылды
Share on FacebookShare on Twitter
«Су — тіршілік көзі» дегендей, елді мекенде тіршілік жасау үшін ең алдымен су қажет. Халық санының артуына байланысты жаңа аумақтар құрылып, көшелер пайда бола бастады. Жаңа аумаққа қоныстанушылардың бірінші кезекте сұрайтын мәселесінің бірі — ауыз су.
Ауылдың тыныс-тіршілігін зерделеп, ауыз сумен қамту мақсатында Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков жиі аралап, тиісті басшыларға тапсырмалар жүктеді.
Ауыз су құрылысының сапасына, нысанның мерзімінде тапсырылуын жіті бақылады.
Қарасу ауыл округіне қарасты Ақбай ауылының Жаңақұрылыс көшесіндегі 17,0 гектар аумақтың тұрғындары ауыз су жүйесімен қамтылды.
Аталған құрылыс нысанына жалпы ұзындығы 2533,4 метр көлеміндегі су құбырлары тартылды. Сумен жабдықтау жүйесінің өнімділігі сағатына 17,26 текше метрді құрайды. Құрылысын жүргізген мердігер «Корпорация «Силур» ЖШС-і. Жобалаушы мекеме «А Строй Проект». Құрылысы 2020 жылы басталып, жыл аяғында қабылдау актісімен тапсырылған. Ауылдың 142 учаскесіндегі жаңа көшелер ауыз су жүйесіне қосылған.
Аудан әкімі көше тұрғындарымен кездесіп, бүгінгі жағдайымен танысып қайтты. Өз кезегінде тұрғындар басшыларға ризашылықтарын жеткізді.
Previous Post

Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

Next Post

Агроқұрылымдар күзгі жиын-терім кезінде мол өнімге қол жеткізбек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz