Түркістан облысы, Сауран ауданында №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. «Бейнеу-Шымкент» магистралды газөткізгішінің 1285 шақырымындағы станция Ескі Иқан ауыл округіндегі 7 елді мекенді газбен қамтиды. АГТС-тің жалпы құны – 1248,8 млн. теңге, қуаттылығы – 33 000 м3/сағатына, жалпы ұзындығы – 11,546 шақырым. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариеваның айтуынша, өңірде газбен қамту жұмысы қарқынды.
– «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы Сауран ауданындағы 7 елді мекен газбен қамтылып отыр. Жалпы 55 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді. Енді тұрғындар заңға сәйкес, үйлеріне газды кіргізіп алулары керек. Бұдан бөлек Мақтаарал ауданындағы АГТС қуатын молайттық. Қазығұрт ауданында да бір АГТС пайдалануға беруге дайын тұр. Елдің өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деді ол.
«Ескі Иқан» АГТС арқылы Сауран ауданындағы Ескі Иқан, Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Ойық, Шоқтас, Ибата, Бершінтөбе елді мекендері табиғи газға қосылады. Сонымен бірге Түркістан қаласында орналасқан «Hazret Sultan International Airport» әуежайы да газбен қамтылады.
Сонымен қатар, Кентау қаласын табиғи газбен қамту жұмыстары Түркістан қаласын газдандыру тәсілімен жүзеге асатын болады. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Жыл соңына дейін шаһарды 30 пайыз газбен қамту жоспарланған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында Кентау әкімі рашид Аюпов Кентаудағы өзекті мәселелері туралы баяндады.
Ауыз су және кәріз жүйесімен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері де күн тәртібінде тұр. Кентау қаласындағы ауыз су құбырының жалпы ұзындығы — 469 шақырым. Кәріз жүйесі — 100 шақырымға жуық. Мәжілісте тозығы жеткен құбырларды ауыстыру мәселесі талқыланды. Көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, яғни балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын орнату мәселесі де ортаға салынды.
Қазіргі уақытта Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, Кентау қаласында су төмендету жүйесін салу бойынша II кезеңнен тұратын жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Қаланы су басудың алдын алу бойынша жобалаудың екінші кезеңі төрт дербес жұмыс жобасын қамтиды.
Ауқымды жоба аясында Мырғалымсай кен орнының жер асты суларының қазбаларына сүзілу және құламаудың алдын алу үшін «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасына тасқын суларды бұру үшін Хантағы өзенінде су торабы салынады. Сондай-ақ арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суы ішінара пайдаланылады. Қосымша Кентау және Түркістан қалалары аймақтарын суармалы сумен қамтамасыз ету қарастырылған.
Ал, Кентау қаласын табиғи газбен қамту жұмыстары Түркістан қаласын газдандыру тәсілімен жүзеге асатын болады. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Жыл соңына дейін шаһарды 30 пайыз газбен қамту жоспарланған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында Кентау әкімі рашид Аюпов Кентаудағы өзекті мәселелері туралы баяндады.