gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бизнестегі серіктестік дамып, отандық өнім көлемі артты

6 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бизнестегі серіктестік дамып, отандық өнім көлемі артты
Share on FacebookShare on Twitter
Халқы тығыз қоныстанған Түркістан облысында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Жұмыс орындары мен өндіріс орындарын көбейту — бүгінгі күннің басты міндеті.
Өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып отыр.
Атап айтсақ, «Қарапайым заттар экономикасы» негізінде кәсіпкерлер 47 млрд. теңгеге жеңілдетілген 6%-бен несие алған, ал «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 40 млрд. теңгеге несие берілмек.
Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жөнінен өңір Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейін үшінші орында тұрмыз. Кәсіпкерлер қатары бір жылда 10 мыңға артып, бүгінде 155 мыңға жетті.
Кәсіпкерлерді қолдауға Мемлекет басшысы, Үкімет ерекше назар аударады. Бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті ұлғайтуға басымдық беретін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күні кеше өңірдегі кәсіпкерлермен кездесіп, бизнес саласындағы түйткілді мәселелерді талқылады. Кездесуде бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері, өтініштері тыңдалды.
Бұдан бөлек, бірегей жоба «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ кезеңі аяқталды. Жобаның ерекшелігі – «Кәсіпкерлік Қырандары» арқылы ірі бизнес өкілдері капиталы жоқ, бірақ бизнес идеясы бар, кәсіпкерлікке енді қадам басқан азаматтарға қолдау көрсетеді. Бүгінде «Кәсіпкерлік Қырандары» негізінде қарастырылған стартап жобалар (16 жоба 44 млн. теңге) бойынша кәсібін дөңгелетіп, өнімдерін өндіріп жатқан азаматтардың бар. Бұл жобаны облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүзеге асырып отыр.
Мақсаты – өңірдегі ірі, орта кәсіпкерлердің микробизнесті, стартаперлерді қолдауын үйлестіру. «Бастау Бизнес» түлектеріне инвестиция тарта отырып, ірі бизнес иелері қаржылай қолдау көрсетеді, ментор болады. Ұтымды жобаны сүйемелдейді.
Дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан өткізілген «Кәсіпкерлік қырандары» кезеңінде 7 жоба ұсынылып, талқыланды. Олар: Медициналық қалдықтарды жоятын цех, жарқыраған тротуарлық жол плиткаларын шығаратын цех, «Тармақтар» кітабы, қолдан ұрықтандыру және ветеринарлық станция, ғарыштық байланыс және спутниктік робототехника кешені, «Eco-Protect» дөңгелектерді қайта өңдеу жобасы және мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әмбебап монша салу бастамасы.
Қатысуға 80-ге жуық компания өтінім берген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары да анықталды.
«Керуен сарай» туристік кешенінде өткен стратегиялық маңызды шараға Түркістан облысының әкімі қатысып, өңірдегі тауарөндірушілердің жұмысын жоғары бағалады.
Инвестициялық жобаларды және технологияларды енгізу арқылы қазақстандық жаңа брендтерді арттыру, өнеркәсіп тауарларын сатып ала отырып, отандық тауар өндірушісін қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін көрмеде ет, сүт, нан және кондитерлік өнімдер, халық тұтынатын тауарлар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары және тағы басқа да қажетті заттар төмендетілген
бағамен сатылды.
Түркістан төрінде өткен байқау облыста шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамып келе жатқанын аңғартты. Осында іріктелген жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.
Previous Post

Түркістан облысына тартылған инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіп саласына тиесілі

Next Post

Ордабасы ауданында 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz