gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібаста бірқатар мәселелер шешімін таппақ

12 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібаста бірқатар мәселелер шешімін таппақ
Share on FacebookShare on Twitter
Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт Тастұмсық ауылдық округі тұрғындарымен кезекті есептік кездесу өткізді. Осы ретте ауыз су мәселесі, сондай-ақ, білім, мәдениет, медицина, автожол саласы және ескірген электр бағаналарын ауыстыру, көпірді жөндеу, жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мен жерге қатысты құжаттарды заңдастыру сынды мәселелер көтерілді. Аудан басшысы тарапынан нақты жауаптар берілді.
«Бүгінде ауыз су мәселесі ауданымызда ғана емес еліміздің барлық өңірлерінде өзекті мәселенің бірі болып отырғаны баршамызға аян. Өзекті мәселені шешу мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, кезең-кезеңімен тіршілік нәрі тапшылық алып отырған ауылдарда тиісті жұмыстар атқарылатын болады» — деді, аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы өз сөзінде.
Бүгінде Түлкібас ауданына қарасты 62 елді мекеннің 59-ы (99,8 пайыз) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 28-і тік ұңғыма көздерінен, 31-і бастау көздерінің ауыз суын пайдалануда. Қалған 3 елді мекен (таулы аймақта орналасқан Ақсай, Қайыршақты, Даубаба-2) бұлақ суын пайдаланып келеді. Дегенмен, бүгінгі таңда халық тұтынып келген бастау көздері тартылып, біршама елді мекендерде ауыз су тапшылығы орын алып отыр.
Есептік кездесуден соң аудан басшысы жеке мәселелерімен келген округ тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-өтініштер алдағы жұмыс жоспарына еніп, шешімін тапқанша бақылауда болатыны ескертілді.
Сонымен қатар, өткен есептік кезеңде тұрғындар тарапынан көтерілген Тастұмсық ауылы, Көктөбе көшесі, Қарабастау ауылы, М.Әуезов көшесі және Тастыбұлақ ауылы, Спатай көшесінің жарықтандыру жұмыстарына бүгінгі таңда қаржы бөлініп, қыркүйек-қазан айларына дейін аталмыш көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату жоспарланып отыр.
Айта кетейік, осы жылы көп жылдан бері шешімін таппай келген Амангелді мектебінің қосымша корпус құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Previous Post

Жетісайдың инфрақұрылымы жақсарып келеді

Next Post

Түркістан облысының желкенді қайық спортшылары – ел чемпиондары!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz