gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштың ішкі туризмін дамытуда шипажайлардың үлесі зор

11 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағаштың ішкі туризмін дамытуда шипажайлардың үлесі зор
Share on FacebookShare on Twitter
Сарыағаш ауданындағы шипажайлардың шипалы суын алыстан іздеп келушілер саны күн сайын артуда. Шипажайға деген халық сұранысының көп болуына байланысты шипажайлардың да саны жылдан жылға артып келуде.
Осы мақсатта аудан әкімі М.Отаршиев «Керуен» шипажайының пайдалануға берілген қосымша ғимаратының жұмысымен танысып қайтты.
Айта кетсек, «Керуен» шипайжайының құрылысы жүргізіліп, өткен жылы халық игілігіне пайдалануға берілген. Келушілердің саны көп болуына байланысты қосымша ғимараты соғылып, бүгінгі таңда іске қосылған. Шипажай заманауи құралдармен жабдықталған, барлық талапқа сай. Аталған шипажайдың ашылуы негізінде жергілікті тұрғындардың жұмыс мәселесі шешіліп, тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі жолға қойылған.
Сарыағаш ауданына ағымдағы жылдың жартыжылдығында 51 мыңнан аса турист келген. Оларға 53 емдік-сауықтыру шипажайы, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы және 21 қонақүй қызмет көрсетті. Сондай-ақ, туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 600 млн теңге болатын 4 жоба іске асырылып, 85 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Previous Post

Түркістан облысында жол сапасы тұрақты түрде бақылауға алынған

Next Post

Төлебиде мақсары ору науқаны басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz