gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысындағы «Алтын адам» тігін фабрикасы бірыңғай мектеп формасын шығарып жатыр

19 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысындағы «Алтын адам» тігін фабрикасы бірыңғай мектеп формасын шығарып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Сайрам ауданы орталығында орналасқан «Алтын адам» тігін фабрикасы мектеп балалары үшін мектеп формасын тігіп шығаруда. «Golden Nomad» пен «Алтын адам» киім бренді Қазақстанның өзге өңірлерінде жақсы танылған.
2013 жылдан бастап іске қосылған тігін фабрикасында бастапқыда классикалық үлгідегі ерлер киімі тігіліп, тікелей тапсырыстар алынып, өнімдері Шымкент қаласындағы және өзге өңірлердегі дүкендерге сатылымға шығарылған. Кейінгі жылдары осы өнімге тапсырыс азайған соң, мектеп формасын тігуге көшкен. 8 жылдан бері бірыңғай мектеп формасына тұрақты тапсырыс берілуде. Жыл сайын 30 мың дана балалардың мектеп киімінен құралған бір жинақ дайындалады. Бұдан бөлек, темір жол, қорғаныс істері қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімдерін дайындауға тапсырыс алынып, қазіргі таңда тігу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда пандемия кезінде 30 мың данадан артық бетперде тігіліп шығарылған.
Аталған фабрика заманауи үлгідегі Түркия, Жапония және Қытай елінен алынған автоматтандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Фабрика басшысы Халмұратова Балжан Оразәліқызының айтуынша, биыл Алматы облысына қарасты 4 мектеппен келісімшарт түзіліп, 10 мың дана мектеп формасын дайындап шығаруға тапсырыс алынған. Мектеп формасының ұл және қыз балалар үшін бір жинағы – 14500 теңге.
Фабрикада 70-80 адам қамтылған. Алдағы уақытта тапсырыстың көбеюіне қарай 200-ге жуық адам жұмысқа тартылуы мүмкін.
Previous Post

Түркістан облысының спортшылары 7 айда мыңға жуық медаль жеңіп алды

Next Post

Сенаторлар Қазығұрттық шаруалардың жұмыстарын оң бағалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz