gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарда 84 жастағы зейнеткер ауылына көпір салып берді

21 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырарда 84 жастағы зейнеткер ауылына көпір салып берді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін «Ақтөбе» каналының бойына шағын көпір салып берді. Каналдың екі жағасын жағалай отырған тұрғындар бұған дейін ескі көпірден өтіп, мектепке баратын балаларының жағдайына алаңдап келген еді. Аталған көпірден отыздан аса отбасының 60-қа жуық баласы мектепке барып-қайтады. Бүгінде жаңадан салынған көпір ата-аналардың уайымын сейілтіп, тұрғындарға қуаныш сыйлауда.
Аталған көпірдің лентасы қиылып, тұрғындар осы өнегелі ісімен елге сыйлы болған Әжекбар қарияға алғысын жаудырды. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерман Дайрабаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев ақсақалға Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтың құттықтау хатын табыстады.
Ұзақ жылдар бойы механизатор болып еңбек еткен Әжекбар Қорғанбеков бүгінде 84 жасқа толып отыр. Бейнетінің зейнетін көрген абыз ақсақал көпірді салу мәселелесі көтерілгенде қарап отыра алмағанын, туған елге, туған жерге азаматтық парызын осындай өнегелі істерімен өтеуді жөн санағанын айтады.
– Халық көпірдің игілігін көрсін, еліміз өркендеп, ауылдарымыз көркейе берсін, – дейді Әжекбар ата.
Previous Post

Созақ ауданында қауынның ерекше сорты өсірілуде

Next Post

Түркістанда химия өнеркәсібі дамитын күн алыс емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz