gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Келестегі Қошқарата ауылдық округінде 2 мәдениет үйі салынады

25 августа, 2022
in Қоғам
0
Келестегі Қошқарата ауылдық округінде 2 мәдениет үйі салынады
Share on FacebookShare on Twitter
Қошқарата ауылдық округіндегі 9 елді мекені биыл табиғи газбен қамтылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, табиғи газ жүйесін «ҚазТрансГаз» АҚ теңгеріміне өткізу бойынша атқарушы техникалық құжаттары істелуде. Қысқы жылу маусымы басталғанға дейін Алғабас, Аманжар, Мақташы, Қарабура, Жаңақоныс, Жамбыл 1 және 2, Бәйтерек, Бесауыл елді мекендері кезең-кезеңімен табиғи газға қосылатын болады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауданға қарасты ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықпен кездесуде. Кестеге сәйкес бүгін Қошқарата ауылдық округінде болған аудан басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс, пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуге аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков, аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары және құрылымдық бөлімдердің өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда табиғи газ құрылыс жүрген елді мекендердің ішкі көшелеріне орта жөндеу және шағал төсеу жұмыстарын жүргізуге Қошқарата ауылдық округі әкімдігі тарапынан сметалық құжаттамалары әзірленіп, жұмыстарды орындау үшін алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізу көзделуде.
Қошқарата ауылдық округі аумағында биыл құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілмек. Атап айтсақ, Қошқарата және Жамбыл елді мекендерінде 150 орындық мәдениет үйілерінің құрылыстары басталады. Сонымен қатар биыл Бесқұбыр елді мекені аумағынан 300 орындық С.Сейфуллин мектебінің қосымша ғимаратының құрылысы басталды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапы аудан әкіміне Қошқарата ауылдық округі аумағынан ағып өтетін Келес өзенінің арналарын қию туралы, 1 Мамыр елді мекенінің шегіне енген жер телімінің ішінен саябақ, үлкен және кіші футбол алаңдарын салу бойынша сұрақ, ұсыныстарын жолдап тиісті жауаптары берілді.
Кездесу соңынан аудан әкімі жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Жеке қабылдауға онға жуық тұрғын кіріп, өз өтініштерін аудан әкіміне жеткізді.
Previous Post

Түркістанда отбасы институтын нығайту және инклюзивті білім беру бағытындағы жұмыстар күшейеді

Next Post

Жетісайдағы базардағы өртке байланысты комиссия құрылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz