gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Келес ауданында жаңбырлатып суару әдісі қолданыла бастады

22 августа, 2022
in Қоғам
0
Келес ауданында жаңбырлатып суару әдісі қолданыла бастады
Share on FacebookShare on Twitter
Келестік шаруалар биылдан бастап мал азығын жаңбырлатып суару технологиясымен өндіруге көше бастады.
Өңірімізде жаңбырлатып суару технологиясын алғашқылардың бірі болып Қошқарата ауылдық округі аумағында орналасқан «Асқар» шаруақожалығы қолдана бастады. Ағын су шығуы қиын болған 4 гектар аумаққа жоңышқа өнімін еккен шаруа егінін жаңбырлатып суару әдісімен суландыруда. Шаруаның айтуынша жоба құны 26 млн теңгені құраған.
«Осындай тың жобалар егін шаруашылығында мол өнім алуымызға жол ашады. Соның ішінде мал азығын көптеп жинауға мүмкіндік беруде. Жаңбырлатын суаруға арналған 2 техника алдық. Алған суммамыздың 50 пайызын «Қазагрофинанс» АҚ-ы тарапынан лизингтік шарт негізінде төленіп беріледі. Бұдан кейін жаңбырлатып суару әдісінің арқасында диқандардың өздері игере алмай жүрген бос жерлер тиімді пайдаланылатын болады» — дейді шаруақожалық иесі Азамат Утеев.
Айта кетейік, ауданда аталған тың технологияны қолданғысы келген шаруалардың саны артуда. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше бүгінде 2 шаруақожалық аталған жобаның техникасын алуға тиісті құжаттарын топтауда екен.
Previous Post

Түркістанда «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр

Next Post

Түркістанда «Ашық аспан» демалыс орны ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz