gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Береке бейнетпен келеді

15 августа, 2022
in Қоғам
0
Береке бейнетпен келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында қызанақ және қияр өсіретін ЖК «Валиев» жылыжайы ашылған.

Кәсіпкердің Валиев Селимханның айтуынша, 5 гектар аумақты ұзақ мерзімді пайдалану құқығымен алып, кәсібін дөңгелетіп келеді. Осы жердің 60 соттық бөлігі жылыжай, қалған 2,5 гектары ашық суармалы жер. Жерлеріне көкөністің дақылдарын егіп, көшеттерін өсіріп, өнімін шығарады.

Жылыжайда бірінші айналымында қиярдың «Семеренко» сорты егілген. Екінші айналымында «Умагна» голландиялық сортынан 13 мың түп қызанақ егілген, жақынарада жемісін бермек.
Ал, ашық суармалы жеріне картоп, қияр, қызанақтың бірнеше сорттары, болгар бұрышы, жүгері, бақша өнімдерінен қарбыз өсіруде.

Кәсіпкер шаруашылығын дамытуға 120 млн. жуық қаржы жұмсаған.

Қаржы есебінен жылыжай және қойманың құрылыстары жүргізілген. Электр жарығы тартылған. Қыс маусымында жылыжайды көмірмен жылытып, бірқалыпты жылуды ұстау үшін тәулігіне 2-2,5 тонна көмір жаққан. 4 айдың ішінде 280 тонна көлемінде көмірді пайдаланған.

Сонымен қатар, су ұңғымасы орнатылған. Жылыжайдың жеріне тамшылатып суару әдісін қолданады.
Биылғы жылы қияр өсірілген жерінен 7 терім жүргізген. Жалпы 40 тоннаға жуық қияр өнімі терілген.
Өндірілген өнімдері облыстан бөлек, Қарағанды және Астана қалаларына сауда орындарына шығарылады. Жергілікті көкөністі қайта өңдейтін консерві цехтарынан да сұраныстар көп.

Көкөністі түрлі зиянкестер мен аурудан қорғайтын, өсімін жақсартатын «Ягуар» тыңайтқышы, кальций, магний, жапырақтардың күтіміне арналған бірнеше дәрумендер беріледі.

Осы шаруашылыққа 25 адам жұмыспен қамтылған. Жылыжайдың жұмысшыларына 3 мезгіл, ал ашық далалы жердің жұмысшыларына 1 мезгіл тамақтандыру мәселесі және тасымалдау қызметі қарастырылған. Олардың орташа есеппен алатын жалақылары 100-120 мың теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы жылыжайды 2 гектарға ұлғайтып, қызғалдақ гүлін өсіруді жоспарлап отыр.

Аудан әкімі аталған шаруашылықтың жұмысымен танысып, шаруашылықты дамыту арқылы өнімділікті арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау көрсету қажеттігін тиісті сала басшыларына тапсырды.

Previous Post

«Ауыл-Ел бесігі»: 32 мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Next Post

Жетісайда 80 шақырымға жуық жол жөнделеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz