gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Созақта Құрманғазы мектебінің құрылыс жұмысы басталады

26 августа, 2022
in Қоғам
0
Созақта Құрманғазы мектебінің құрылыс жұмысы басталады
Share on FacebookShare on Twitter
Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пайдалануға берілген соң елді мекен 100 пайыз заманауи жолмен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауыл округі тұрғындарымен есептік кездесу барысында мәлімдеді. Сондай-ақ аудан әкімінің Ыбырай елді мекенінің тұрғындарымен көктем айындағы кездесуінде Құрманғазы мектебінің жаңа ғимаратын салып беру мәселесін көтерген болатын. Тұрғындар өтінішін аудан әкімі қолға алғанын жеткізді.
-Елді мекен тұрғындары мектеп салу мәселесін көтерген болатын. Құрылысына қаржы бөлгізуге қол жеткіздік. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жарияланды. Жеңімпаз анықталса құрылыс жұмыстары басталады,- деді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков. Одан бөлек, Созақ ауылында (стадион) үлкен футбол алаңының құрылысы жүргізіледі. Стадион құрылысы биыл басталып, келер жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Созақ ауылында бір көшеге тас жол төселіп, тағы бір көше асфальтталады. Екі орталық көше жарықтандырылады. Одан соң ауыл тұрғындарының өтініші бойынша ауруханаға демеушілер есебінен қазылып жатқан құдықты көрді. Аурухана бас дәрігеріне бірқатар тапсырма жүктеді.
Есептік жиын Сызған ауыл округінде жалғасты. Мұхит Сексенбайұлы, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Басбұлақ елді мекенінде жарықтандырылу жұмысы жүргізіледі. Өткен кездесуде халыққа уәде берілгендей ауыз су насосы ауыстырылды. Тұрғындар көптен күткен трансформатор қойылып, электр жарығындағы түйіткілді мәселе шешілді. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары өтініштің аяқсыз қалмағанын айтып, алғыстарын жеткізді.
Кездесу барысында тұрғындар ауыз су, ауыл шаруашылық мақсаттағы жер телімене қатысты сауалдарын қойды. Өз сөзінде аудан басшысы тиісті бөлімге тапсырма беріп, заң шеңберінде жұмыс атқарылатынын айтты. Есептік жиыннан соң аудан әкімі жергілікті тұрғындарды жеке мәселе бойынша қабылдады. Аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулеріне аудандық мәслихаттың депутаттары, бірқатар тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Previous Post

Депутаттар 200-ден астам баланы мектеп формасымен қамтыды

Next Post

Жетісайда өрттен жапа шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz