gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда өртенген базар бойынша екі сараптама жүргізілуде

27 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда өртенген базар бойынша екі сараптама жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісайлық кәсіпкерлер бүгін тағы да орталық көшені жауып, базар әкімшілігіне нысанды тездетіп ашуды талап етті.

Оқиға орнында болып, халықпен кездескен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен аудан әкімі Мұрат Қадырбек базардағы жөндеу жұмыстары 1-2 күн ішінде басталатынын түсіндірді.

«Екі сараптама жасалады. Біріншісі — құрылыс сараптамасы, екіншісі – тауарлық сараптама. Қазір базар иесі жаңа нысанның жобасын жасап, бізге ұсынады. Өрт қауіпсіздігін сақтау, әрі халыққа қолжетімді болатын базар салуымыз керек. Өртенген базар ісі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Нысан иесі уәде бергендей, 15-20 күн ішінде базар іске қосылады», — деді Сәкен Қалқаманов.

Жиналыстан кейін аудан әкімдігінде базар кәсіпкерлерінің несие уақытын шегеру, қайта қаржыландыру бойынша екінші деңгейлі банк өкілдерімен кездесу өтті.  Онда Халық банк, Жусан банк, KMF өкілдері келіп кәсіпкерлердің әрқайсымен жекелей жұмыс жүргізетіндігі айтылды. Сондай-ақ шығынды есептеу бойынша комиссия құрамына кәсіпкерлер арасынан белсенді азаматтар кірді. Тауары өртеніп кеткен кәсіпкерлер тізімі жасақталып, базардың әр бөлімі бойынша тиісті ақпаратты жинақтайтын жауаптылар бекітілді.

Previous Post

Түркістан облыстық мәслихаты үндеу жариялады.

Next Post

Компьютерлік қызмет көрсету орталығын ашты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz