gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ордабасы ауданында анар өседі

12 августа, 2022
in Қоғам
0
Ордабасы ауданында анар өседі
Share on FacebookShare on Twitter
Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативіне барды.
2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келген шаруашылық иесі 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі Елнұр Сейдазимовтың айтуынша бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма өсіріп отыр.
Шаруа қожалығы 2019 жылы —5, 2020 жылы — 15, 2021 жылы — 20 тонна өнімін алған. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Өз кезегінде аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы шаруа қожалығының кәсібіне береке тілеп, алдағы уақытта өнімдері астыққа толсын деп тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, аудан басшысы Нұрбек Бадырақов Қажымұқан ауылындағы «Қармантай» шаруашылығында болды.
Мұнда 2 гектар жерге болгар бұрышы және 8 соттық жерге қияр өсіруде. Бүгінгі күнге дейін шаруашылық 2 рет болгар бұрышын жинап үлгерген.
Сонымен қатар, шаруа иесі аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлына алдағы жоспарымен бөлісіп, лимон мен қаражидек (черника) егу үшін 10 гектар жер телімін үйлестіріп беруін сұрады.
Аудан басшысы айтылған ұсынысы мен жоспарына қатысты аудандық кәсіпкерлік бөліміне тиісті құжаттары мен бизнес жоспарын өткізу керектігін жеткізді.
Келесі күні аудан басшысы Көктөбе ауылындағы «Мадияр» шаруашылығының жұмысымен танысты.
Төрт адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылылық иесі су, жарық мәселесі барын және қазіргі кәсібін дамыту мақсатында көмек беруін сұрады. Бұл бойынша аудан басшысы мемлекет тарапынан берілетін шағын несие алуына көмек берілетінін айтты.
Қажымұқан ауыл округіне қарасты Көктөбе ауылындағы Н.Нысанбайұлы мектебінің жанында тұрғындарымен еркін форматта кездескен аудан әкімі Нұрбек Бадырақов тұрғындардың қордаланған бір қатар сұрақтарына жауап берді.
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев: «Кездесуде айтылған сөздер жерде қалмайды»

Next Post

Жетісай мен Мақтааралда ағын суды молайту бағытындағы жұмыстар жалғасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz