gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ордабасыда ірі өндіріс орындарына ауыл азаматтары жұмысқа орналасады

5 августа, 2022
in Қоғам
0
Ордабасыда ірі өндіріс орындарына ауыл азаматтары жұмысқа орналасады
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауыл округінде орналасқан «Саутс-Ойл» мұнай компаниясына тиесілі «STANDARD PETROLEUM & CO» мұнай-химия өндіріс орнына Татарстан республикасының мұнай өндірісі саласының жауапты басшылары келді.
Шетелден келген сала жауаптыларын «Саутс-Ойл» ЖШС мұнай- газ компаниясынының президенті Серікжан Сейтжанов пен аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қарсы алып, жаңадан ашылған өндіріс орнының жұмысымен таныстырды.
Өз кезегінде шетелдік қонақтар мұнай өндіру саласында білікті маман даярлау мақсатында аудан жастарын Татарыстандағы салалық жоғары оқу орындарына білім алуға шақырды.
Аудан басшысы бұл жақсы жаңалықты зауыт іргесінде орналасқан ауыл тұрғындармен кездесуде жария етіп, ауыл жастарын үй іргесіндегі ірі өндіріс орындарында жұмыс істеуге үгіттеді.
Айта кетерлігі, жылына 2 млн тонна шикізат өңдейтін «STANDARD PETROLEUM & CO» мұнай-химия зауытының бірінші кезеңі биыл, екінші кезеңі 2023 жылы іске қосылмақ. Жоба толық іске қосылған жағдайда 800-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналаспақ.
5 класты мотор отынын өндіретін мұнай-химия зауытының ерекшелігі, көмірсутек шикізатын (мұнай, газ конденсаты, мұнай шламы, көмір, шымтезек) өңдеуге мүмкіндік беретін және газ динамикалық әсерлерге негізделген бірегей WR технологиясын пайдалану арқылы дайын өнім шығару.
Қуатты дайын өнім жанар-жағармай тапшылығын азайтып, бағаны ұстап тұруға әсерін тигізбек.
Ал, «Саутс-Ойлға» тиесілі тағы бір көмір-химия зауыт құрылысы аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың соңына пайдалануға беру жоспарланған.
Previous Post

Теріскейлік шаруалар мол өнім жинауды жоспарлап отыр

Next Post

Пробациялық есепте тұрған азаматтарға психологиялық көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz