gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тамшылатып суару әдісі шаруаларға үйретіледі

3 августа, 2022
in Қоғам
0
Тамшылатып суару әдісі шаруаларға үйретіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың кезекті іс-сапары Қарақұм ауылдық округінде жалғасын тапты.
Абаттандыру, асфальттеуді қажет ететін ауыл көшелерін аралаған аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарын тез арада аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан басшысы кезекті ауыл аралау барысында жаңадан салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылыс алаңында болып, рухани, мәдени орталықтың ауыл халқына аса қажет екендігіне тоқталды.
Нұрбек Бақтыбайұлы әр кездесуде ауданның ауыл шаруашылық саласындағы көрсеткішін жоғарылатуда жаңа технологияларды өндіріске көптеп іске қосуды жиі айтып келеді.
Осы реткі сапарында Қарақұмдағы жеке кәсіпкер Самат Сұлтановтың тамшылатып суару әдісі арқылы іске қосқан 24 соттық үйіргелік құлпынай бағымен танысты.
“Техногендік жағдайларға байланысты ағын су мәселесі жыл өткен сайын қиындап барады. Сондықтан шаруаларды егістік суаруда қаржы мен уақыттан ұтылмайтын жаңаша әдіске көшуге шақырамын. Ауыл шаруаларының Саматтың салиқалы жұмысынан үйренері көп”, деді аудан әкімі тұрғындармен кездесуінде.
Аудан басшысы күрделі жөндеуді қажет ететін “Құрманбек” каналының басына барып, салаға жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар кездесу барысында ауылдағы сапасыз электр жарығы, көгілдір отын, жол сапасы бойынша талап-тілектер тыңдалып, аудан әкімі аталған мәселелерді сараланып, арнайы жол картасы әзірленетінін жеткізді.
Previous Post

Созақтағы «Жасыл белдеу» аймағында қауын, қарбыз да өседі

Next Post

Түркістанда «Zhas project» гранттық жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz