gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жиделіде жайылымдық жер 1 мың гектарға кеңейді

4 августа, 2022
in Қоғам
0
Жиделіде жайылымдық жер 1 мың гектарға кеңейді
Share on FacebookShare on Twitter
Жиделі ауылдық округінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары жайылымдық жер мәселесін көтерді. Аядай ауылдың күнкөрісі қолдағы малға қарағандықтан, оның жем-шөбі мен жайылатын жерінің тарлығы көпшілікті қаттың алаңдататыны сөзсіз. Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы әрі қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық проблема ақырындап шешіліп келе жатқанын атап өтті.
«Өздеріңізге жеткізетін жақсы жаңалығымыздың бірі – күні кеше ғана Жиделі ауылының жайылымдық жері тағы да 1 мың гектар жерге заңды түрде кеңейді. Ірі кәсіпкер атанған шаруашылық иелерімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде осындай жетістікке қол жеткіздік. Біз әлі де бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра түсеміз», – деді қала әкімінің орынбасары.
Кездесу кезінде ауыл тұрғындары елді мекенде орналасқан спорт алаңын қанттай қып жөндеп, есігіне құлып салып, пайдалану режимін қатаң қадағалау жөнінде ұсыныс айтқан еді. Оған Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы әрі қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық пен жергілікті әкімдік өкілдерінің жауабы дайын болып шықты.
Алдымен сөз алған қала әкімінің орынбасары спорт алаңының есігіне құлып салу дұрыс болмайтындығын ескертті.
«Қазіргі кезде Жиделі ауылының орталығындағы спорт алаңшасы Арыс қаласы әкімдігінің меншігінде. Біз енді бұл нысанды Жиделі ауылдық округінің балансына өткіземіз. Содан соң, оған ауыл әкімдігі тікелей жауапты болады. Оны күтіп ұстау мен тиімді пайдалану тетіктерін ауыл әкімі мен жергілікті тұрғындар өзара келісе отырып шешетін болады», – деді Ерғали Омарұлы.
Айта кетейік, кездесуде ауыл тұрғындары су мұнарасының мәселесі мен ескі балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу, электр бағаналарын жаңарту, медициналық жедел жәрдем мәселесін көтеріп, сала мамандарынан тиісті жауап алып, ашық пікір алмасты.
Previous Post

Сайрам ауданында газдандыру жұмысы қарқынды

Next Post

Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ шығарылымында 7 жоба таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz