gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Отырарлық тұрғын қайтарымсыз грант алып кәсіптің көзін тапты

23 августа, 2022
in Қоғам
0
Отырарлық тұрғын қайтарымсыз грант алып кәсіптің көзін тапты
Share on FacebookShare on Twitter
Отырарда мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз несие алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді.
Мәселен, Шытты ауылының тұрғыны Мақсат Арқабаев 2019 жылы «Бизнес-бастау» курсынан өтіп, сертификат иесі ретінде өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап шыққан. Тиянақты жасалған бизнес жобасына кәсіпкер 252 500 теңге қайтарымсыз грант алып, тігін шеберханасын ашып өз кәсібін бастаған.
Кешегі бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезінде бетперде тігіп халыққа тегін ұсынған кәсіпкер тігін тігуден бөлек, ұқыптылық пен асқан төзімділік, сыр алдырмас сабырды қажет ететін қолөнер бұйымдарын жасаумен де айналысады.
— Мемлекет тарапынан қолдау тауып, жаңаша кәсіп бастадым. Мен ұсынатын қызмет өте қолайлы. Бүгінгі таңда тапсырыстар күн сайын артып келеді. Осының барлығы адал еңбек пен үздіксіз ізденістің нәтижесіндегі жетістіктер. Сондықтан, өзім секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға қай істе болсын табандылық таныту қажет дер едім,– дейді кәсіпкер Мақсат Құралбайұлы.
Кәсіпкердің алға қойған жоспарлары көп. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе өз кәсібін кеңейтіп, осы бағыттағы жұмыстарын әлі де дамытқысы келетін айтады.
Previous Post

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы аяқталуы басты назарда

Next Post

Мәжіліс депутаттары Түркістан өңіріндегі шаруалардың жұмысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz