gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда жаңа базар салынады

29 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда жаңа базар салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Өртенген базар орнында болып, facebook желісі арқылы тікелей эфирге шыққан Сәкен Қалқаманов қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.

«Жетісайдағы базарда қарқынды жұмыс басталды. Жүк көліктері жеткілікті. Қажетті техника екі ауданнан жұмылдырылды. Бір-екі күнде өрт қалдықтарының барлығы тазаланады. Параллельді түрді жаңа базардың эскиздік проектісі жасалып жатыр. Алдағы уақытта заманауи жаңа базар салынады. Онда зардап шеккен сатушылар жайғасады және олардан 1 жыл бойы орынды жалға алу ақысы алынбайды» — деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің шығынын өтеп беру мақсатында «Түркістан» Корпоративтік әлеуметтік даму қоры ашылғандығын жеткізді.

«Үлкен шығындарды өтеп беру ісінің жалғыз жолы бар. Жекеменшік мүлік болған соң заң бойынша бюджеттен қаржы қарай алмаймыз. Сондықтан қорды жарияладық. Қазір сол қор арқылы қаржы жиналуда. Сондай-ақ, біз базардың иелерінен үлкен соманы жабуды талап етіп отырмыз» — деді Сәкен Қалқаманов.

Қазіргі кезде оқиға орнында өрт қалдықтарын тазалау жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Қызыл жалыннан зақым келген 900 шаршы метр жерді жылдам реттеу үшін 6 секторға бөлінді. Әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Қазығұрт аудандарынан келетін құрылысшылар жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстары 1 айда толық бітеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Жетісайдағы «Күлпаршын» базарынан өрт шығып, базардағы сауда қатарларының тығыз орналасқан жері, маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған болатын.

Өрт салдарынан 450-ге жуық кәсіпкердің заттары толығымен жанып кетті.

Previous Post

Жетісайдағы базарды қалпына келтіру жұмыстары екі ауысымда жүруде

Next Post

Жетісай базарының тең жартысы қоқыстан тазартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz