Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Е. Тілеген мен Сауран ауданы жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ш. Алиханов Түркістан облысы мәслихатының депутаттарына Сауран ауданындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу және ортақ жайылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Жаңа Иқан ауылдық округінде өткен кездесуде Жаңа Иқан ауылдық округі аумағынан 29 жер иелеріне тиесілі 3957,51 га. жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулы қабылданып, Мүлік туралы заңға сәйкес мемлекеттік арнайы жер қорына қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Сонымен қатар Шаға ауылдық округі тарапынан 97 жер иеленушіге тиесілі 7885,7 га. жер учаскесіне және де Қарашық ауылдық округіне қарасты 125 жер иеленушіге тиесілі 7057,0 га. жер учаскесіне қаулы жобасы әзірленуде.
Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді ҚР Жер кодексінің 82-бабына сәйкес өз еркімен қайтару бойынша ауыл әкімдерімен бірлесіп меншік иелеріне заң шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 29 жер иеленуші жер телімдерінен бас тартып, жалпы көлемі 665,63 га жер телімі мелекеттің арнайы жер қорына алу туралы Сауран ауданы әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Бұған қоса Сауран ауданы прокуратурасының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысына сәйкес аудан бойынша 19 жер пайдаланушының жалпы алаңы 7726 га. жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, арнайы жер қорына алынды.
Жалпы көлемі 8391,63 га жер телімі арнайы жер қорына алынды.
Сауран ауданында игерілмей яғни пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» акционерлік қоғамының заман талабына сай космомониторинг жүйесі арқылы анықтау нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» акционерлік қоғамының алғаш рет космомониторинг жүйесі арқылы Сауран ауданында нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12 жер пайдаланушының жер учаскесі жалпы алаңы: 1272,67 га жер учаскесі анықталды.