Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаевтың және аудан прокурорының міндетін атқарушы М.Байтелиевтың, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Н. Каримбаевтың қатысуымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және бизнестегі заң бұзушылықтардың алдын алу жөнінде аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті.
Ашық диалог барысында өткен кездесуде аудандағы кәсіпкерлік саласындағы мәселелер талқыланып, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіпкерлер жобаларын сүйемелдеу және ауыл шаруашылығына қатысты кәсіпкерлердің мәселелері талданды.
Жиында сөз алған аудан прокурорының міндетін атқарушы М.Байтелиев кездесудің маңыздылығына тоқталып, кез келген уақытта азаматтарды қабылдауға дайын екендігін және кәсіпкерлермен жиі кездесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеуге баса назар аударып, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауап берді.
Кездесу ашық әңгіме барысына ұласты. Кәсіпкерлер сұрақ қойып, сала мамандарынан қанағаттанарлық жауаптар алды.
Жауапты мемлекеттік органдар тарапынан шешімін таппаған кәсіпкерлердің мәселесі қаралып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Бизнес-сектормен тұрақты кері байланыс алу мақсатында 2021 жылғы қыркүйек айынан бастап бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді.
Бұдан басқа, кәсіпкерлердің сигналдары, өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау және заңдылықты қамтамасыз ету үшін аудан прокуратурасында мобильдік топтар жұмыс істейді, онда кәсіпкерлер өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін жүгіне алады.
Мобильдік топтың міндеті-бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу туралы және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасалған сигналдарына жедел ден қою.
Мобильді топтар алдын ала ақпарат бойынша кәсіпкерлердің құқықтары бұзылатын оқиға орнына баруға, сондай-ақ қашықтықтан кеңес беруге қабілетті.
Мобильді топтардың байланыс нөмірлері аудан прокуратурасының ресми сайтында, «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасады.