gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды

31 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурс басталды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

2022 жылы әрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады. Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады. Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі: «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған; «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған; «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған; «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған; «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және: 1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы; 2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды); 3) шығыстар сметасының жобасы; 4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс. Айта кетейік, 2021 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев еліміздің 30 жас азаматына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті. Оның ішінде 5 жас адам «Мәдениет» бағыты бойынша, 6 адам – «Ғылым», 5 адам – «Ақпараттық технологиялар», 5 адам – «Медиа», 9 адам – «Бизнес». Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады

Previous Post

Түркістан өңірінің басшылығы экономиканы әртараптандыру бойынша жұмысты жандандыруы қажет – Ә.Смайылов

Next Post

Сауран ауданында 3 жаңа мектеп ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz