gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістандық шаруа әр гектардан 200 тонна өнім алуда

7 августа, 2022
in Қоғам
0
Түркістандық шаруа әр гектардан  200 тонна өнім алуда
Share on FacebookShare on Twitter

Аманжол Әшірбаев жылыжай шаруашылығымен 2013 жылдан бері айналысып келеді.  Ол Қазығұрт ауданындағы «Қазығұрт нұры» ЖШС-нің директоры. Қазіргі таңда оның 3 гектар аумақты алып жатқан жылыжайы мен өзге де қосалқы шаруашылығы бар. Жергілікті 85 адамды жұмыспен қамтып отыр. Білуімізше, әр жұмысшының орташа айлық жалақысы 120 мың теңгені құрайды.

Айта кетейік, Аманжол Әшірбаев3 гектар жерде қияр мен қызанақ еккен. Бір жылда екі рет өнім алады екен. «Әр гектардан  200 тонна өнім жиналады», — дейді ол. Сонда есептей беріңіз, 3 гектардан жылына 600 тонна қияр мен қызанақ алынады. Аманжол ӘшірбаевДайын өнімдерді Алматы, Солтүстік Қазақстан өңіріне жібереді екен.

Аманжол Орманұлымен тілдескенімізде, ол жылыжайда жұмысшы күшінің жетпейтінін жеткізді. Біздің өңірінде жылыжай шаруашылығымен негізінен Қазығұрт, Сарыағаш, Сайрам аудандарының тұрғындары айналысады. Сондықтан аталған өлкелерде жылыжайда еңбек етуге құштар азаматтар аз болып жатса, керісінше, өзге аудандарда жұмыс іздеп жүргендер жетерлік.

Қазіргі таңда жылыжайдағы жұмысшылар жаңа көшеттерді отырғызуда. Бұйыртса, қазан айында биылғы жылдың екінші өнімі жинала бастайды. Аманжол Әшірбаевжылыжайдағы тіршіліктің жыл он екі ай осылай жалғаса беретінін айтады. Ең бастысы, жылыжайға күн сәулесі жақсы түсетін сулы жер таңдалса болғаны. Сосын судың ащы емес, тұщы болғаны да маңызды рөл ойнайды дейді.

Бүгінде өңіріміздегі жылыжайлардың көлемі артуда. Сала мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, республикадағы жылыжайлардың 80 пайызы Түркістан облысының үлесінде.

Previous Post

Ордабасы ауданында 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады

Next Post

Өнеркәсіптегі басты өлшем – сапа

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz